Білім және ғылым
Nur Otan партиясынан сайланған Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, 2021 жылы Алматы мектептеріндегі орын мәселесі тапшылығын шешуде оң нәтиже байқатты.
2021 жылы Жол картасы аясында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен мектептердегі орын тапшылығы 47% төмендеді.
Биыл Алматыда 3,5 орындық 11 жеке мектеп пен 4 150 орындық 9 жаңа корпус іске қосылды.
- «5 100 орындық үш мектеп және 3 663 орынға шақталған 6 қосымша нысандар бой көтерді. Сонымен жаңа салынған жеке мектептерді есептегенде биыл 16 019 оқушы орны қамтамасыз етілді», - деді Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.
2021-2022 оқу жылдары мектепте білім алып жатқандардың саны хатшының сөзінше, 303 110 баланы құрады. Оқушылар орнының тапшылығы 33 812 орынға жуық. Жалпы жыл соңына дейін 16 019 жаңа оқушылық орын ашып, тапшылықты 47% азайту көзделеді.
- «Оқушылар орны тапшыдығын азайту білім беру саласының маңызды мәселелерінің бірі», - деп атап өтті С.Канкуров.
Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 1274 іс шара өткізу жоспарланған. Соңғы 11 айда жалпы іс шараның 32,2% жүзеге асырылды.
Жалпы қаржыландыру жұмыстары басымдыққа ие белгі бойынша жүргізіледі. Жол картасы бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын іс шараларға бюджетен 250,7 млрд теңге бөлініп, соның ішінде 86 млрд теңге 2022 жылға қарастырылған.